Білім берудің мақсаттары мен мазмұны өзгеріп, оқытудың жаңа құралдары мен технологиялары пайда болғанымен, сабақ оқытудың негізгі формасы болып қала береді.
Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында «Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Сабақты тиімді жоспарлау – жоғары нәтиженің маңызды шарты және кепілі» тақырыбымен облыстық әдістемелік шеберхана өтті. Облыстық іс-шарада педагог-тәлімгерлер жас педагогтарға шеберлік сыныптарын өткізді.
Оқушыларды өмірге, еңбекке және шығармашылыққа даярлау мектепте қаланады. Ол үшін оқу процесі мен сабақтың ұйымдастырушылық әдістемесі оқушыларға жаңа білімді игертіп, оларды практикада сәтті қолдануға, тәуелсіз шығармашылық қызметке кеңінен тартуға құрылуы керек. Әдістемелік шеберхана осындай мақсаттарды көздеді.
Шебер-сыныптардың тақырыптары өте өзекті және мақсатты болды. Атап айтсақ: «Бағдарламаның мақсаттары мен сабақтың мақсаттары: мақсат қоюдағы қателіктер», «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында креативті ойлауды дамыту», «География сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту», «Оқушылардың ынталарын арттыру үшін бағалау кезеңінде оқытудың белсенді әдістерін қолдану», «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша интерактивті тапсырмалар құру» және т. б.
Жұмыс екі секцияда жүргізіліп, 60-тан астам адам қатысты.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/440-distemelik-sheberkhana.html#sigFreeIdeeae68d243





