Бахиткуль Тукеновна: ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
Білім берудің цифрлық трансформациясы мектептегі барлық пәндерге, соның ішінде географияға да айтарлықтай әсер етеді. Заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды енгізу оқушылар үшін оқытуды интерактивті, қолжетімді және қызықты етеді.
Ағымдағы жылдың 30 қаңтары күні «Рудный қаласы білім бөлімінің №13 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында география пәні мұғалімдеріне арналған «Географиялық білім берудің трансформациясы: жаңа құралдар мен тәсілдер» атты семинар өтті.
Семинар өте мазмұнды және тәжірибеге бағытталды. №13 мектептің ұстаздары келесі қызықты тақырыптар бойынша : «География сабақтарында Google аккаунтын интеграциялау: кең мүмкіндіктер» (Испамбетова Л.В.), «География сабақтарында Web - технологияларды пайдалану» (Симонова Т.М.), География пәнінен үстел ойындары оқу іс-әрекеті мен шығармашылық өзара әрекеттесуді арттыру элементі іспеттес» (Дущенко М.В.), «География пәнінен олимпиада есептерін шешу» (Рақымжанов И.Ғ.) баддинг – сессия өткізді.
Ұстаздар Тулегенова А.С. және Демина Е.А. өлкетануды зерттеу призмасы арқылы география пәнін оқуға ынтасын арттыру арқылы STEM технологияларымен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.
Оқытушылар Дущенко М.В. және Рақымжанов И. Г 9 және 11 сыныптарда сабақтар өткізіп, оқушылардың талдау, сыни ойлау және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту бойынша жұмыс жасады.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/430-geografiyaly-bilimni-transformatsiyasy.html#sigFreeId48db45ed4d





