LESSON STUDY ТӘСІЛІ – БІЛІМДІ ЖЕТІЛДІРІП,
САБАҚТАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕ ҮЛГІСІ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін облыстық семинар өтті.

Семинардың тақырыбы: «Lesson Study, Action Research әдісінің негізгі мақсаты – оқушылардың оқу сапасын арттыру және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Аталмыш семинарға қатысып, іс-тәжірибе алмасуға облыс аумағынан 70-тен астам ұстаздар өтініш білдірді. Бұлардың қатарында «943 – елімізде мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында мақсатты мектептердің тізіміе енген мақсатты мектептердің ұстаздары мен қатар, кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары да бар.

Семинар барысында Арқалық қаласының педагогтері Н. Ж. Калиева,
А. Х. Муханова, Ж. Б. Абишева, Е. С. Коныршина, А. Д. Қанаш пен қатар, Қостанай қаласының М. Горький атындағы гимназия мұғалімдері А. Д. Салыкова, Ш. Р. Бажирова да жоғары деңгейде ашық сабақ беріп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Ш. Р. Бажирова, А. Д. Салыкова, Т. Т. Садуақас, Ә. Қ. Нұрмұханова, Ж. А. Утебаева , Г. Т. Мухамедиярова, А. М. Капарова, Г. А. Жаксылыкова, Е. А. Иманкулов, Ж. С. Әбіш шебер сыныптарда семинардың тақырыбы мен мазмұнынын кеңінен ашып көрсетті.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, гуманитарлық пәндер магистрі Г. С. Жусупова «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша оқушылардың оқу, айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіру жолдарын түсіндірді.

Семинардың қорытынды бөлігі рефлексияға қатысқан ұстаздар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, мектеп ұжымы мен семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.