2025 жылдың 15 қаңтарында Меңдіқара ауданында әдістемелік десант өткізілді. Облыстық әдістемелік орталықтың директоры А.С.Балтабаева, директордың орынбасары Т. И.Набатникова және әдіскер А. Н.Сүлеймен әдіскерлерге,, аудандық білім бөлімінің мамандарына, мектеп директорларына, директордың орынбасарларына, аттестациядан өтетін мұғалімдерге жұмыс жүргізді.
Тақырыптардың ауқымы ШЖМ, тірек-магниттік мектептердің даму ерекшеліктерін, аттестацияға дайындық технологиясын, авторлық бағдарламаларды облыстық ОӘК және АОӘК ұсыну тәртібін қамтыды.
Айымгүл Серікбайқызы мен Әмина Нұржанқызы тірек-магниттік мектептердің директорларымен онлайн сабақтарын өткізу мәселелерін талқылап, күнтізбелік жоспар құру бойынша ұсыныстар ұсынды және аталған мектептер жұмысындағы проблемалық бағыттарға тоқталды.
Педагогтарды аттестациялауға дайындық мәселелерін талқылау барысында авторлық бағдарламаларды әзірлеу, инновациялық алаңдарды ашу, «Ұстаз» платформасымен жұмыс істеуге қатысты сұрақтар туындады.
Татьяна Ивановна ОӘК және АОӘК жанындағы Сараптамалық кеңестердің Ережесі туралы толыққанды мәлімет берді.
Білім беру ұйымдарын аралау барысында қолда бар ресурстарға негізделген даму векторлары да талқыланды.