2025 жылдың 10 қаңтары күні еңбек жолын жаңа бастаған педагогтер сабақты жобалаудың ерекшеліктерін талқылады.
«А - дан Я - ға дейін» деп аталатын вебинар «Жас мұғалімдерге арналған педагогикалық құрастырушы» облыстық жобасы аясында өтті.
Спикерлер А.Әлімбаева мен Э. Рахимова сабақтың түрлері мен типтеріне, сабақты құрастырудың принциптері мен тәсілдеріне тоқталып, тиімді әдіс-тәсілдер мен техникасын кеңінен таныстырды. Вебинарға қатысушылар спикерлерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Вебинар қорытындысы бойынша «Сабақ – ұстаз жанының айнасы!» деген түйінді идея қалыптасты.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/405-saba-berudi-syryn-tanyp-bilu.html#sigFreeId5032467eb8





