Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Арқалық қаласы білім бөлімінің «А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында» «Мектепішілік бақылауды құжаттамалық рәсімдеу» тақырыбында нетворкинг өтті.
Нетворкинг барысында білім беру сапасын арттыру, құжаттамалық рәсімдеу бағытында мектепішілік бақылауды іске асырудың тиімді жолдары сараланды. Нетворкингке Амангелді, Жангелді, Наурызым және Арқалық қаласы мектеп басшылары, басшының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша мектепішілік бақылау бойынша барлық бағыттарды саралау арқылы оң нәтиже шығару, білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу, оқу процесінің сапасын бақылау, тәрбие үрдісінің процесін, өткізілген іс-шаралардың сапасын бақылауды, STEM тапсырмалары арқылы оқушылардың білім олқылықтарын толтыру және ББЖМ-ға дайындық сапасын арттыру мәселелері қаралды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/398-mektepishilik-ba-ylau-aspektiler-m-seleler-sheshim-zholdary.html#sigFreeId61cfd25b3c





