2024 жылдың 29 қараша күні «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғафу Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Жаңашыл мұғалім 2024» облыстық байқауы өтті.
Сайысқа Қостанай облысының аудандары мен қалаларынан 22 педагог қатысып, бақ сынасты.
Сайыс шартына сәйкес ұстаздар:
- «Өзім жайлы жарнама»;
- «Өзіңді тексер!». Яғни, ұстаздар педагогика, психология, методика, қазақ тілі мен әдебиеті, еңбек Кодексі бойынша тест тапсыру;
- «Шебер сынып» көрсету.
Әділ-қазылар алқасының шешімі:
- Бас жүлде - Боровской санаторлық мектеп-интернатының мұғалімі - Г. С. Бегайдарова;
- І дәрежелі диплом - Рудный қаласы білім бөлімінің № 10 мектебінің мұғалімі - З. Утегенова;
- ІІ дәрежелі диплом - Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі - М. С. Уахит;
- ІІ дәрежелі диплом - Қостанай ауданы Тобыл қаласы мектеп-гимназиясының мұғалімі - Г. Б. Ниязбекова;
- ІІІ дәрежелі диплом - Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясының мұғалімі - А. А. Какимжанова;
- ІІІ дәрежелі диплом - Жангелді ауданы білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі - Г. А. Гильмуханова.
«Ізденімпаз педагог» номинациясын - Амангелді ауданы білім бөлімінің Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі - А. А. Амантаева;
«Шығармашыл педагог» номинациясын - Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі - А. С. Оспанов;
«Білікті педагог» номинациясын - Қостанай қаласы білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейінің мұғалімі - А. А. Бектимисова иеленді.
Қалған ұстаздар «Жаңашыл мұғалім-2024» облыстық байқауының сертификаттарын алды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/396-zha-ashyl-m-alim-2024.html#sigFreeIdad0e974cb0





