27.11.2024 жылы Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің базасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру бойынша арнайы пәндер сабақтарында заманауи білім беру технологияларын кешенді пайдалану» атты облыстық семинар-практикум өтті. Бағдарлама тоғыз спикердің шеберлік сабақтарын көрсету арқылы ұйымдастырылды. Дайындалған және көрсетілген практикалық сабақтарда теориялық және өндірістік оқыту сабақтарын өткізу кезінде қазіргі уақытта өзекті болып табылатын жан-жақты тақырыптар қозғалды. Сонымен, «Иінді біліктің ақауы және жөндеуі», «МТЗ-82,1 стартерінің ақауларын анықтау және оларды жою әдістері», «Өндірістік оқыту сабақтарын өткізу негізінде кооперативтік технологияларды қолдану» тақырыптары қарастырылды.

Семинардың барлық қатысушылары практикалық тапсырмаларға белсенді қатысты, көптеген адамдар үшін «Студенттердің well-being компоненттерінің бірі ретінде кәсіби әл-ауқат» әдістерін немесе Сингапур әдістемесі бойынша сабақтарды өткізу кезінде кооперативтік технологияларды қолдану ерекше болды.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар заманауи жаңа өлшеу құралдарымен және қорытынды аттестаттау нысандарының бірі ретінде демонстрациялық емтихан өткізу үшін критерийлер жасау бойынша тапсырмаларды орындаумен таныстырылды және жұмыс істеуге мүмкіндік берілді.

Семинар-практикум барлық қатысушылардың пікірінше нәтижелі, тиімді және өте қызықты өтті. Мұндай практикалық іс-шаралар кәсіби деңгейді арттыру және тәжірибе алмасу үшін қажет.