«943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасын және Жобалық кеңсенің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде Рудный қаласының нысаналы мектептеріне (№ 12 ЖББМ, № 20 ЖББМ және Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ) әдістемелік көмек көрсетілді.
Әдістемелік орталық директорының орынбасары Г. М. Өтегенова, әдіскерлер З. Н. Садкакасова және Г. К. Бекмағанбетова әдістемелік десант барысында мектеп педагогтерінің сабақтарына қатысып, сабақтарға талдау жүргізіп, ұсыныстар берді. Сондай-ақ білім алушылардың білім сапасын арттыру бойынша және жалпы мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру материалдары (БЖБ және ОЖБ талдауы, тоқсан қорытындысы, МІБ материалдары және т. б.) зерделенді.
Десанттың қорытындысы бойынша жақсарту қажет бағыттар айқындалды және біз үшін аса маңызды жобада нысаналы мектептерді одан әрі әдістемелік сүйемелдеу жоспарлары белгіленді.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/383-nysanaly-mektepterge-distemelik-desant.html#sigFreeIdcb4051b088





