Қостанай облысында «Көшбасшылық мектебі» бағдарламасы белсенді түрде жұмыс істеуде. 2 жыл бойы 20-дан астам директор Қостанай қаласындағы НЗМ ФМБ бойынша тағылымдамадан өтті.
2024 жылдың 18 қарашасы мен 22 қарашасы аралығында ауылдық және қалалық мектептердің тағы бес директоры НЗМ менеджментін зерделеді. Бес күн ішінде мектеп басшылары сабақтарды бақылап, тәрбие жұмысының жүйесі, кітапхананың қызметі, мұғалімдерді әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, мектепішілік бақылау жұмыстарымен танысты.
Тағылымдама директорлардың Қостанай облысының жас педагогтарының форумына қатысуымен аяқталды.
Әр директор сертификатқа ие болды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/377-direktorlar-nzm-t-zhiribesimen-tanysty.html#sigFreeId5068ec2d43





