2024 жылдың 13 қарашасы күні жас мұғалімдерге арнап онлайн нысанында құқықтық кеңес өтті. Оқу үрдісін нормативтік құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ете білу - жас педагогтің табысқа жетуінің маңызды құрамының бірі болып табылады.
Қандай құжаттарды басшылыққа алу керек? Оқу процесіне қойылатын талаптарды қайдан алуға болады? Ұстаздық қызметті алғаш бастаған 150 - ге жуық жас ұстаздар осы және басқа да сұрақтарға берілетін кеңесті Қостанай қаласының Абай атындағы мектеп директорының бірінші санатты орынбасары Н.Д.Сражатовадан алды.
Құқықтық кеңес беру Қостанай облысында үшінші жыл іске асырылып келе жатқан «Жас мұғалімге арналған педагогикалық құрастырушы» облыстық жобасы аясында өтті.
Сонымен, НҚА: сұрағыңызға жауап» жиынтығы іске қосылды!
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/375-zhas-m-alimge-arnal-an-y-ty-ke-es.html#sigFreeId2aa7b6bbba





