Қазіргі әлемде экологиялық мәселелер барған сайын өзекті мәселе бола түсуде. Сондықтан - да табиғатты аялау ерекше маңызға ие болды.

Адам табиғаттың бір бөлігі. Сол себепті оның тұрмыс-тіршілігі қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты. Табиғатты қорғау тұрақты даму үшін өте маңызды.

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 2024 жылдың 8 қараша күні Рудный қаласындағы Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында Экологиялық тәрбие беру құзыреттілік орталығы ашылды.

Іс-шараға облыстық әдістемелік орталықтың өкілдері, АҚӘК басшылары, мектеп клубтарының жетекшілері және ЮНЕСКО клубына мүшелікке үміткерлер қатысты. А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің биология, экология және химия кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессордың ассистенті Юнусова Гүлнәр Батырбекқызы өз баяндамасында экологиялық білім берудегі заманауи тренттерімен таныстырды.

Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры Қ. И. Бірманова экологиялық мәдениетті дамыту тәжірибесімен, экологиялық бастамалармен және осы бағыттағы мектеп қызметінің нәтижелерімен таныстырды.

Оқушылар экологиялық инсайт аясында ғылыми жобаларын көрсетті.

Біздің әрқайсымыздың да экожүйенің салауатты дамуына үлес қосу мүмкіндігіміз бар. Өзара бірігу арқылы ғана, біз табиғат пен адамдар үйлесімді өмір сүретін тұрақты болашақ жасай аламыз!