2024 жылғы 04-08 қараша аралығында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында көлік саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық байқау өтті.
Байқауға Қазақстан Республикасының қалалары мен өңірлерінен (Алматы қаласы, облыстар: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай) 15 педагог пен 23 сарапшы қатысты.
Конкурстың мақсаты көлік саласы бойынша үздік педагогтарды анықтау, педагогикалық шеберлікті жетілдіру, ТжКОБ ұйымдарының дарынды шығармашыл педагогтарын қолдау болды.
Байқау барысында қатысушылар жеті модуль бойынша тапсырмаларды орындады:
1-модуль - кәсіби модульдер бойынша компьютерлік тестілеу;
2-модуль - WorldSkills International стандарттарына сәйкес және СІЅ форматында автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша технологиялық операцияның бағалау парағын жасау;
3-модуль - жеңіл автомобильдің ауыспалы беріліс қорабына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
4-модуль - жеңіл автомобиль қозғалтқышының ақауларын іздеу екі кезеңнен тұрады: тұтану жүйесін жөндеу; жеңіл автомобиль қозғалтқышының ақауларын іздеу және жою;
5-модуль - жүк көлігінің қозғалтқышын жөндеу;
6-модуль - жеңіл автомобильдің тежегіш жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
7-модуль - автомобильдің электр жабдықтарының диагностикасы.
Көлік саласы бойынша республикалық байқауға қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз. Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген педагогтар техникалық қызмет көрсетуден бастап электр жабдықтарын диагностикалауға дейінгі жеті модуль бойынша тапсырмаларды орындай отырып, өз шеберліктерін көрсетті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз:
1 орын - Кучеренко Виталий Александрович, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай қ.;
2 орын - Паитайчук Олег Олегович, Жоғары техникалық колледж, Көкшетау қ.;
3 орын - Косумов Руслан Жеңісұлы, Ақтөбе автомобиль-жол колледжі, Ақтөбе қ.
Медальондарға ие болған қатысушыларға жеке алғыс:
- Қайрат Амангелдіұлы Әбдірайымов, Семей қаласы;
- Сатывалдыев Әділ Ермарғынұлы, Петропавл қ.;
- Раев Сапарбай Мүбаракұлы, Қызылорда қаласы;
- Әбдиев Дәулет Арысбайұлы, Түркістан қаласы;
- Дүйсенбеков Темірлан Бақытжанұлы, Тараз қаласы.
Барлық қатысушыларға табыс пен кәсіби өсуді тілейміз! Сіздердің көлік саласын дамытуға және кадрларды даярлауға қосқан үлесіңіз зор маңызы бар!
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/370-k-lik-salasy-bojynsha-respublikaly-baj-au-aya-taldy.html#sigFreeIdaf6d3c9cba





