2024 жылғы 4 қарашада Қостанай педагогикалық жоғары колледжінде "Көлік" бағыты бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің IV Республикалық кәсіби шеберлік байқауының салтанатты ашылуы өтті.

Бұл байқаудың дәстүрлі ұйымдастырушысы - Қостанай автомобиль көлігі колледжі, ал іс-шараға Қазақстанның әр аймағынан (Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары) 15 үздік педагог пен 20 сарапшы жиналды.

Ашылу салтанатына Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Ж. Сюндикова, "Талап" КЕАҚ президенті С.М. Тәтібеков, Allur University басшысы Л.Ю. Олкинян, облыс колледждерінің директорлары, сондай-ақ байқау қатысушылары мен сарапшылар қатысты.

Құттықтау сөзінде Д.Ж. Сюндикова мен С.М. Тәтібеков Қазақстанда кәсіби білім сапасын ілгерілетуде бұл байқаудың маңыздылығын, әсіресе Қазақстанда жарияланған "Жұмысшы кәсіптер жылы" аясында аталған шараның ерекше орнын атап өтті.

Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры Д.И. Павленко қатысушыларға сәттілік пен табысты нәтижелер тіледі, сонымен қатар байқауға қатысушылардың кәсіби деңгейінің жоғарылығын, олардың әрқайсысы өз өңірінде үздік атанғандығын және білім беру саласында жоғары тәжірибе көрсететіндігін атап өтті.

Бұл байқау педагогтарға өз шеберліктерін көрсетуге және әріптестерімен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік береді, бұл, сөзсіз, кәсіби шеберлікті дамытуға және Қазақстандағы жұмысшы кәсіптерінің беделін көтеруге ықпал етеді.

Салтанатты рәсімнен кейін жұмысшы мамандықтар жылына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға С.М. Тәтібеков пен колледж директорлары қатысып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі реформаларды талқылады.