28 қазанда «Қостанай ауданының білім бөлімінің Тобыл қаласындағы №1 Затобол жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Білім басқармасының әдістемелік орталығы «Үздік ресурстық орталық»облыстық байқауын өткізді.

Байқауға 8 өңірден 9 жоба ұсынылды. Ең мазмұнды және ерекше материалды Абай атындағы Қарасу жалпы білім беретін мектебі ұсынды, ол I дәрежелі дипломмен марапатталды. II дәрежелі дипломға: Қарасу ауданының білім бөлімінің Шолақаша жалпы білім беретін мектебі, Қостанай ауданының білім бөлімінің Тобыл қаласындағы №1 Затобол жалпы білім беретін мектебі ие болды. III дәрежелі Диплом: Ұзынкөл ауданының білім бөлімінің №1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі, Федоров ауданының білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі, Арқалық қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі марапатталды.

Тірек және магниттік мектептер білім беруді дамытуда шешуші рөл атқаратындықтан, байқау тапсырмалары білім беруді жан-жақты жақсартуға бағытталған.