КӨЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ АЯҚТАЛУЫ

2024 жылғы 24 қазанда Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында көлік саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық конкурстың аймақтық кезеңі аяқталды. Конкурсқа оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ облыстың алты өңірінен: Қостанай, Жітіқара, Лисаковск, Рудный, Сарыкөл және Қарабалық аудандарынан сарапшылар қатысты.

Байқау үш модуль бойынша өтті: клапандарды реттеу, отын жабдықтары, бензин қозғалтқышының ақаулықтарын жою, оның ішінде теорияны білуге тестілеу, практикалық тапсырмаларды орындау. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, білім беру процесіне креативті көзқарасты көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша көлік саласының тәжірибелі мамандарынан құралған сарапшылар үздік педагогтарды таңдады. Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары Қостанай облысының атынан республикалық деңгейде қатысатын болады. Салтанатты марапаттау колледждің конференц-залында өтті, онда әр қатысушыға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін, сондай-ақ түрлі өңірлер мен ұйымдар арасында тәжірибе алмасу үшін маңыздылығын атап өтті.

Көлік саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық конкурстың аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз

1 орын 97 балл Кучеренко Виталий Александрович Қостанай автомобиль көлігі колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

2 орын 78 балл Валиев Айса Төребекұлы Қазақстандық агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері

3 орын 68 балл Смайылов жеткен Сексенұлы Жітіқара политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері

3 орын 68 балл Павлютин Алексей Васильевич Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Жеңімпаз Кучеренко Виталий Александрович 2024 жылғы 2-8 қараша аралығында өтетін республикалық конкурста облысты қорғайды.