Ағымдағы жылдың 18 қазан күні қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арнап Науырзым ауданы білім бөлімінің Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің базасында «Оқу мақсаттарына негізделген белсенді әдіс-тәсілдер» атты облыстық семинар өтті.

Семинардың өткізілу мақсаты - қазақ тілі мен әдебиет пәні сабақтарында оқу мақсаттарына негізделген белсенді әдіс-тәсілдерді игерудің тиімді жолдарын қарастыру, тәжірибе алмасу.

«Көмекшı робот» 4 сынып (А.Х. Қожахметова)., «Денсаулық және қоршаған орта» 7 сынып (Ж.А. Балтабаева)., «Масғұт» поэмасындағы адамгершıлıк құндылықтар» 10 сынып (Қ.Г. Жанақова)., «Сөйлеу мәдениетı» 11сынып (Л.К. Оразова) сынды ұстаздар көрсеткен ашық сабақтар жоғары деңгейде өтті.

Сонымен қатар, «Грамматиканы оқытуда қолданылатын әдıстер» (Г.О Махмутова)., «Әдебиет сабағында оқушыларға өлең, хат жаздырту әдıстерı» (Е. А. Иманкулов). (Г.Ж. Мурзахметова)., «Заманауи бıлıм беру платформалары: оқытудағы тиıмдıлıктı арттыру жолдары» (Р.А. Камалиева)., «Ұлттық құндылықтарды дәрıптей отыра, сабақ мақсатына жету жолдары» (А.С Тапалова) өткізген шебер сыныптарға ұстаздар қауымы белсене қатысып, өз тәжирбиелерін ортаға салды.

Замануай TED алаңыңда А.М. Серикова қазақ тıлıн оқытуда оқу мақсаттарына жетуге негıзделген смарт технологиялармен бөлісті.

Аталмыш семинарға ұстаздар қауымы белсене араласып, өзара тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады және өз тәжірибесі үшін көптеген пайдалы ақпарат алды.