2024 жылдың 14-17 қазан аралығында Ақмола облысының көпсалалы инновациялық колледжінде арнайы пәндер оқытушысы және өндірістік оқыту шеберлері мамандығының мәртебесін арттыру, педагогикалық тәжірибені таныстыру және дәріптеу мақсатында ауыл шаруашылығы саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында Республикалық конкурс өтті. Байқауға еліміздің 16 өңірінің өкілдері қатысты.

Конкурс үш құзырет: «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету», «Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету», «Слесарлық іс» бойынша өтті.

Біздің өңірді үш колледждің педагогтары мен сарапшылары: Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік – техникалық колледжі, Әулиекөл ауыл шаруашылығы, Федоров ауыл шаруашылығы колледждері көрсетіп, қорғаған болтын.

Конкурс қорытындысы бойынша Марат Дисенбайұлы Құрмамбаев, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері «Ауылшаруашылық машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреті бойынша құрметті үшінші орынға ие болды.