2024 жылдың 11 қазан күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы атағының иегері - Нұғыманов Агибай Кариновичпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге білім басқармасы басшысының орынбасары А. Н. Умаров, облыстық білім мекемелері мен Қостанай қаласының педагогтері қатысты.
Іс-шара барысында Агибай Каринович өмірлік іс-тәжірибесімен бөлісіп, жас ұстаздарға ақыл-кеңес беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевпен болған кездесуде алған әсерлерімен бөлісті.
Іс-шара қорытындысында басшы орынбасары А. Н. Умаров ардагер ұстаз Нұғыманов Агибай Кариновичке облыстық білім басқармасы мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ сыйлығын табыстады.
Осындай ұстаздармен жүздесу – терең рухани мазмұны мен тәрбиелік мұраты мен өнегесі мол ұстаздық кәсіпке деген құрмет және болашақ ұрпаққа үлгі.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/340-staz-mereji.html#sigFreeIdd6a9b60e25





