Балабақша меңгерушісінің 1-ші облыстық байқау өтті!

Байқаудың тақырыбы: «Балабақша меңгерушісінің бастамалары». Заманауи басшы білімді, ойлау қабілеті ұшқыр, PRO белсенді, жеке тұлға болуы керек. Байқаудың идеясы – « Меңгерушінің идеясы - балабақшаның жетістігі».

Байқаудың демеушілері кәсіби білім беру қауымдастығы, «Бөбек Қостанай» ЖШС, «Әйгерім-Ай» ЖШС болды.

Байқаудың қорытынды кезеңінде қатысушылар визит карточкасын, өз бастамасының кейс жинағын ұсынып, ұсынылған тақырып бойынша жиналған көпшілік алдында баяндама жасады.

Шығармашылық қарым-қатынас пен кәсіби диалог сәтті өтті! 

Қорытындысы:

1 орын – Моргун Наталья Анатольевна – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 бөбекжайы» КМҚК меңгерушісі;

2 орын – Айгүл Аманжолқызы Тусова – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 54 бөбекжайы» КМҚК меңгерушісі;

3 орын – Батырова Мөлдір Көшкінбайқызы – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелді ауданы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК меңгерушісі.

Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз!