Осындай тақырыппен 2024 жылдың 25 - 27 қыркүйегі аралығында республика бойынша нысаналы мектептердің басшыларына арналған үш күндік семинар өтті.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен семинарға нысаналы мектеп директорларының орынбасарлары, әдіскер - жетекшілер мен әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.

Іс - шара Оқу - ағарту министрлігінің еліміздегі білім беру үдерісін жаңғырту мен жетілдіруге бағытталған маңызды бастамасы - «943 - еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Семинарды ұйымдастырушылар: Білім басқармасы, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ., ҚОӘББ «Әдістемелік орталығы» КММ

Үш күн бойы семинарға қатысушылар мектепті тиімді басқару, оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру, мектептің ағымдағы жағдайын анықтау және проблемаларын талдау мәселелерін талқылауға қатысты (Жусіпова Г.С., бөлім меңгерушісі/Бурага О.В., "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты" филиалының аға оқытушысы

Семинардың бірінші күнінің практикалық отырысы қатысушыларға білім сапасын ішкі бақылау жүйесімен, мектептің дамуын жоспарлаудағы диагностика және талдау әдістерімен, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетумен, сондай - ақ сабақты талдау және бағалау жүйесімен танысуға мүмкіндік берді. (А. Т. Аргинғазина «Қарасу ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры., А. І. Мадибаев «Қостанай қаласы білім бөлімінің С. Мәуленов атындағы гимназиясы» КММ директоры., Х. Б. Шынболатова «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры., Ю. В. Прахнау «Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп - лицейі» КММ директорының орынбасары., А. М. Муносибшоева., «Қарасу ауданы білім бөлімінің Целинная жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры).

Семинардың екінші күні коучинг - сессия түрінде өтті. Онда тәжірибелі спикерлер оқыту сапасын арттыру тәсілі ретінде тиімді кері байланысты, мектептерді ішкі және сыртқы бағалаудың ерекшеліктерін, сабақтың оқиға іспеттес екендігі мен МІБ бақылау мен құралдарды қолданудың өнері іспеттес екендігі жайлы кең түсінік алды (Батпанаева Ж.М., NIS педагог - сарапшысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Маженова Ж.А., жаттықтырушы, NIS педагог - модераторы, математика пәнінің мұғалімі, Алимбаева А.К., «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп - лицейі» КММ директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары, Рахимова Э. Е., «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Сражатова Н.Д., «Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ басшысының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, Леванова Т.А., ҚОӘББ «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Тоғызақ жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, Мунтаева А.С., «Рудный қаласы білім бөлімінің №10 мектеп - гимназиясы» КММ директоры, Нуштаева О.П., Рудный қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі).

Мектепті дамыту стратегиясындағы ата - аналардың рөлі және жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру туралы (Мұхтағалиева М.Қ., ҚОӘББ «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері, Дроженко Г.Г., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, жаңартылған «Біртұтас» тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырушы жұмыс тобының мүшесі, сонымен қатар «Ата - аналардың қолдауы. Мектептің стратегиялық дамуы» тақырыбында баддинг сессия өткізілді. (Рудный қаласы әкімдігінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп - гимназиясы» КММ директоры Бірманова Қ.И.).

Семинардың үшінші күні білім беру ұйымының қызмет ету аясында білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі (Галухина Е. Р., Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы, Мемлекеттік білім стандарттарын енгізу арқылы сапаны басқару туралы бөлім меңгерушісі А. К. Қайралапов; А. Ш. Игісінова., Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысы бойынша білім беруді қамтамасыз ету Департаментінің бас маманы) осы тақырыптарға арналды.

Сондай - ақ, «BeyimTech» компаниясының маркетинг жөніндегі маманы Р. Р. Букишев қатысушыларға Нысаналы мектептердің оқу процесіне енгізуге болатын ЖИ негізіндегі білім беру платформалары ұсынды.

Әрбір қатысушы үшін бұл семинар біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу алаңына айналды, ал тиімді стратегиялар мен тәжірибелер мектептегі білім беру сапасын басқарудың құрамдас бөліктері ретінде «943 - еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жобасының облысымызда сәтті жүзеге асырылатынының кепілі болып табылатынына сенімдіміз.