«943-елдіңнысаналымектептердідамыту» республикалықжобасын іске асырутуралыоблысәкімініңорынбасары, Жобалық кеңсенің ӨңірлікүйлестірушісіР.З. Мұхаметқали, білімбасқармасыныңбасшысыА. Е. Ибраеваныңқатысуымен а.ж. 16 қыркүйегінде өткен кеңестеәңгіме болды.

Жобаны іске асыру, ұйымдастырушылық кезеңде белгіленген іс-шараларды орындау, Жобалық кеңсенің жұмыс бағыттары (Д.Ж. Сюндикова), нысаналы мектептердің жеке портретін және жұмыс жоспарларын әзірлеу жағдайы (Г. М. Утегенова), біліктілікті арттыру курстарынан өту (М.В. Слесарь)мәселелеріталқыланды.

Кеңеске қатысушылардың алдында (білім бөлімдерінің басшылары, аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, нысаналы мектептердің директорлары мен директордың орынбасарлары, әдіскер-кураторлар, әдістемелік орталықтың қызметкерлері) педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өтуіне (290 адам), әрбір нысаналы мектептің KPI көрсеткіштерін орындауына және әдістемелік көмек көрсетудің тиімді нысандарын қолдануға бақылауды күшейту бойынша нақты міндеттер қойылды.

Білім алушылардың білім сапасын және педагогтердің кәсібилігін арттыру үшін «943 — нысаналы мектептерді дамыту» жобасы - Оқу-ағарту Министрлігінің мектептердегі білім деңгейін арттыруға және барлық білім алушылар үшін сапалы білім алуға тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасауға бағытталған маңызды бастамасы. Білім беру процесінің барлық қатысушылары мен мүдделі тараптардың бірлескен жұмысы нысаналы мектептерде білім беру мен оқыту сапасын үздіксіз жақсартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді - бұл бүгінгі таңда оқыту  және бағалау бағытында нысаналы мектептің дамуында мониторингтен сәтті өту үшін әрбір мектептің даму траекториясы.