2024-2025 оқу жылының 1 қыркүйегінде алғашқы мектеп қоңырауы соғылды. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары Т.И. Набатникова Қамысты ауданының № 1 Қамысты жалпы білім беретін мектебінің салтанатты жиынына қатысты.
Оқушыларға, педагогтар мен ата-аналарға жылы лебіздерін Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Мұхтарұлы Сейдалин, Қамысты ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Төлеген Оңдасынұлы Қайырлапов айтты.
Осы мектепте оқу жылының басталу ерекшелігі «Инфженерлік академия» жобасы аясында KamLitKZ зауытының ауыл мектебіне қамқоршылық бағдарламасына білім беру ұйымын енгізу болды.
Салтанатты жиынға HR директоры Попыванова Евгения Анатольевна, Kamlitkz зауытының оқу орталығының басшысы Исрапилова Алена Анатольевна келді. Қонақтар мектеп командасы үшін футбол формасына сыйлық-Сертификат табыс етті.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/309-zha-a-o-u-zhyly-bastaldy.html#sigFreeId6627007b47





