Заманауи білім беру оқу үдерісіне цифрландыруды енгізуді қамтитын жаңғырту кезеңінен өтуде. Тарих және география сабақтарында дәстүрлі технологиялардың көмегімен орындалмайтын заттарды қазір ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асыруға болады.

Олар материалды жақсы меңгеруге, оқу үдерісін оңтайландыруға және оқушылардың оқу іс-әрекетіне деген ынтасын арттыруды жүзеге асыра отырып, аса көлемді ақпаратпен шапшаң жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Тарих және география пәндерін оқыту тәжірибесінде ақпараттық оқыту әдістерін қолдану оқушылардың интеллектуалдық белсенділігі мен қатар сабақтың тиімділігін де арттыруға көмектеседі.

Мұны 22 тамыз күні тарих және география пәні мұғалімдері «Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясы» КММ өткен секция отырысында дәлелдеді.

Секциялық отырыстағы келесі педагогтердің: «Тарих сабағында нейрондық желілерді пайдалану: білім берудегі жаңа мүмкіндіктер» (К. С. Левина; «Тарих мұғалімінің жұмысындағы эдьютейнмент» (А.Б. Мурзабекова); «Тарих сабағында сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру барысындағы тригерлік тапсырмалар» (Е.В. Горбунова);

«Инженерлік жобалау» үлгісін қолдану арқылы Steam география сабағын қалай әзірлеу керек (М. В. Травкина); «Жасанды интеллектті география сабағында қолдану тиімділігі» (Орынбай Т.О); «География сабағында сандық әдістерді қолдану барысындағы функционалдық сауаттылық» (Д. М Токусарова); «География» пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау барысында тьютерлік қолдау» (О. С Мелешенко) тақырыбындағы баяндамалары өте тардымды болды. 

Секцияға қатысушылар өз тәжірибелерінде әріптестері ұсынған технологияларды міндетті түрде қолданатындарын атап өтті. Себебі, ақпараттық технологияларды қолдану барысында білімді игеруге деген құштарлығы төмен оқушылардың өздері де асқан ықыласпен белсенді іс-әрекет жасайды.