Қазіргі таңда тәрбие аспектісі студенттерде құндылықтарды қалыптастырып, сыни ойлауды және әлеуметтік жауапкершілікті дамытуды қамтиды.

 

Ағымдағы жылдың 20 тамызы күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінде өткен облыстық тамыз кеңесі аясындағы секциялық отырысында директорлардың тәрбие жұмысына жауапты орынбасарлары тәрбие жұмысын сәтті ұйымдастырылуын талқылады.

 

Секциялық отырыста «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі бағдарламасы ұсынылды. «Әдістемелік орталық» КММ әдіскері А.А. Нұрмұхамедова бағдарламаның негізгі құндылықтары мен оны жүзеге асыру тетіктеріне түсінік берді.

 

Тамыз кеңесіне қатысушылар колледждердегі оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастырудың сан алуан тәжірибелерімен бөлісті. Қостанай жоғары педагогикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. М. Морозенко колледж тәрбиеленушілерінің құзыреттері мен әлеуметтік жетістіктерінің картасын іс жүзінде қолдану тәжірибесімен бөлісті.

 

«Рудный политехникалық колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Б. Ширшова бірінші курс студенттерін сәтті бейімдеу туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

 

«Колледждің тәрбие жұмысына инновациялық тәсілдер мен әдістемелерді енгізу тәжірибесі» тақырыбында шебер - сыныбын «К. Дөненбаева атындағы кәсіптік - техникалық колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Г.Дроженко жүргізді.

 

Осылайша, секциялық отырыс қатысушыларға тәжірибе алмасуға және ТжКБ ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың озық тәжірибесін ұсынуға мүмкіндік берді. Бұл студенттер арасында жеке тұлғаның өсуін қалыптастырып, олардың табысты болашағына жағдай жасауға ықпал етеді.