Осы ұранмен тамыз секциялық отырысы аясында ТжКБ ұйымдарының жалпы білім беретін пәндер мұғалімдерінің секциясы өтті. Облыс мұғалімдері оқу үдерісіне инновациялық педагогикалық тәсілдерді енгізудің өзекті мәселелерін талқылады. Спикерлер білім беру үрдісін студенттердің қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған заманауи әдістерді қолдану тәжірибесімен бөлісті. Секция жұмысы барысында Т.Н.Кравченко білім беру пәндерінің мазмұнына цифрлық құзыреттіліктерді кіріктіру үшін Scaffold пайдалану туралы, Азбарова Ш.А. коммуникативті дағдыларды дамыту формалары бойынша, Түркістанова Т.А. сабақтарды құрастыру мен жүзеге асырудағы инновациялық стратегиялар және оқу үдерісіне жасанды интеллект енгізу туралы, Кусеубаева Ж.А. жеке тәсілді жүзеге асыру үшін интерактивті жұмыс парақтарын пайдалану және Кожуховская О.Ю. оқу процесін геймификациялау туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Кездесуге қатысушы ұстаздар оқу сапасы мен студенттердің белсенділігін арттыру үшін педагогикалық шеберлікті үздіксіз жетілдірудің маңызды екенін атап өтті. Жалпы білім беретін пәндер мұғалімдерінің жұмысында пайдалы болатын қызықты тәжірибелер ұсынылды.

 

Секция тәжірибе алмасудың жемісті алаңына айналып, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.

 

Шынында да, ұсынылған тәжірибелер мұғалімдерді оқу жылында жүзеге асырылатын жаңа идеяларға шабыттандырды деп ойдамыз.