Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ   облыстық  тамыз  кеңесі аясында  2024 жылдың  20 тамыз күні  директорларға, директорлардың орынбасарларына, шағын жинақты мектептердің мұғалімдеріне, ІТ мамандарына және білім беруді цифрлық трансформациялау тақырыбына қызығушылық танытқан  ұстаздар үшін  Қостанай  облысы  әкімдігі  білім басқармасының  «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында секциялық отырыс өткізді.

         Іс-шараға қатысушылар заманауи технологиялар мен цифрлық құралдарды оқу үдерісіне енгізу тәсілдерін талқылады.

Әдістемелік орталығының аға әдіскері В. Б. Бесенбаева шағын жинақты  мектептердің оқу іс-әрекетінде ІТ-технологияларды болашақта қалай қолдану керектігіне тоқталды.

«Озат» мектебінің директоры Р. Е. Раисов мектептің заманауи жабдықтарын көрсетіп, цифрландыру элементтері арқылы оқушының  жеке қабілеттерін дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Спикерлер заманауи білім беру технологияларына шолу жасады. Атап айтсақ:  ББ ақпараттық  технологиялар жөніндегі басшысының орынбасары К. Б. Қасқырбаева  функционалдық сауаттылықты дамыту және бағалауға арналған цифрлық портал туралы толық ақпарат берді.

 Белова Н.П. (Қарасу ауданы) оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау үшін Interacty.me интерактивті парақтарын әзірлеп, оны оқушылармен жұмыс жасауда қалай қолданатынын көрсетті. Оқыту барысында геймификация және онлайн ресурстарды пайдалану тақырыбында  баяндама  жасаған жас ұстаз А.  А Туретбаеваның (Меңдіқара ауданы) баяндамасы өте тартымды болды.

Б.Майлин ауданының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. В. Доля жасанды  интеллектті  оқу үрдісінде тәжірибе барысында қалай қолдану керектігін баяндады. 

Секциялық отырысқа қатысқан барлық ұстаздар ақпараттық технология идеяларын  оқу  үдерісінде  қалай  пайдалану керектігін назарларына  алды.