2024 жылдың 20 тамызы күні Қостанай қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінде тамыз кеңесі аясында облысының шетел тілі мұғалімдеріне арналған секциялық отырысы өтті.

 

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері, секция модераторы А.Қабдулина 2023 - 2024 оқу жылын қорытындылады.

 

Тәжірибелі ұстаздар: О. С. Величко «Білім берудегі жасанды интеллект: 2024 жылдың трендттері», А. Б., Газизова, А. Ж Кубегенова «Ағылшын тілі мұғаліміне көмекке SMART технологиялары» тақырыптары бойынша цифрлық технологиялар саласындағы өз білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптарын көрсетті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Р. Бисикеев пен оның шәкірті М. Гришунов «Telegram боты ағылшын тілінен емтиханға дайындалу құралы іспеттес» тақырыбындағы тәжірибені іс жүзінде көрсетті.

 

Шеберлік сыныптары мұғалімдерге ағылшын тілін оқытудың соңғы әдістерін өз тәжірибесінде талқылауға және қолдануға мүмкіндік берді.

 

Секцияға қатысушыларға инновациялық әдістемелік әзірлемелер ұсынылып, алгоритмдері мен оларды қолдану бойынша ұсыныстар берілді. Білім беру ресурстары мұғалімдерге заманауи талаптарды ескере отырып, кәсіби қызметін жетілдіруге көмектеседі.