2024 жылдың 19 тамыз күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Қостанай облысының білім ұйымдарында қызмет атқаратын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті. Секциялық отырысқа 50 - ге жуық педагог қатысты.
Әдіскер Е. А. Иманкулов 2023 - 2024 оқу жылында қазақ тілінің мәртебесін арттыру бағытында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды атап өтті.
Секция барысында спикерлер жасанды интелектіні білім саласында қолдану - уақыт талабы тақырыбы бойынша шебер - сыныптар көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.
Тамыз мәслихатының секциялық отырысынан соң ұлы ақын, ағартушы, композитор, қазақтың жазба әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай көрме ұйымдастырылып, «Үлылар әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/260-zhasandy-intelektini-bilim-salasynda-oldanu-ua-yt-talaby.html#sigFreeId7e2719e907





