2024 жылдың маусым айында Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында жыл сайынғы "Мектеп - 2030" Жаһандық Форумы өтті. Ағымдағы жылы Форум тақырыбы "Климаттық тұрақтылық үшін оқытушылық көшбасшылық. Планетаның болашағы үшін мектеп пен жүйелік шешу жолдары арқылы оқуды қалай өзгертуге болады". ЮНЕСКО форумы қарсаңында Тұрақты даму мүддесінде білім беруді ілгерілету бойынша "Тұрақты даму мүддесінде білім беру және жаңа технологиялар саласындағы көшбасшы-ұстаздар" республикалық конкурсы өткізілді. Форумға 30 елден 200 делегат қатысты.
"Сабақ жоспары" номинациясы бойынша 1 орынды "Қостанай қаласының білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахимова Эльмира Ерсалимовна иеленді. Педагог "Тұрмыстық қалдықтар" тақырыбы бойынша сабақтың жоспарын, бейнежазбасын және рефлексивті есебін ұсынды. ЮНЕСКО өкілі мұғалімге ноутбук берді.
Эльмира Ерсалимовна Жаһандық форумға қатысуға шақырылды, онда ол ТДМ-ны білім беру процесіне енгізу бойынша тәжірибе ұсынды. Мұғалімнің тәжірибесі қызығушылық тудырды. Ал Дания, Польша, Танзания, Франция делегаттары жұмыс тәжірибесімен бөлісуді сұрады.
Жаһандық форумда мұғалімге халықаралық деңгейде тәжірибені тарату туралы ЮНЕСКО сертификаты берілді.
Эльмира Ерғалимқызы жаһандық форумға қатысуға шақырылды, онда ол білім беру процесінде ЖБО енгізу бойынша тәжірибе ұсынды