Қостанай  облысының  ЮНЕСКО  мектеп  клубтары Жітіқара қаласындағы №12 орта жалпы білім беретін мектеп алаңында бас қосты. «Мектеп имиджі – тұрақты  дамудың  бастауы» кейс  сессиясы динамикалық өзгеріске ұшырайтын  ортада оның тұрақты дамуының негізі ретінде мектептің оң имиджін құруға және ілгерілетуге ықпал етті.

Мектеп басшылары өз командаларымен көпшіліктің  талқылауы  үшін өз тәжірибелерін ұсынды:

- Экологиялық  жауапкершілік және тұрақты дамулар. Болашақты ЮНЕСКО мен бірге құрамыз! (Рудный қ., Б. Майлин атындағы  №7 мектеп-гимназиясы)

-белсенді мұғалім болашақтың тұрақты дамуындағы мектептің стратегиялық ресурсы іспеттес (Жітіқара №12 ЖББМ);

- Қауіпсіз мектеп: басқару аспектісі ( Қарасу ауданының Желездорожный мектебі);

-  Ынтымақты топ: мектептегі өзгерістерді басқару (Рудный қ., №4 мектеп-лицейі);

- Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы тьютерлік (Қарабалық ауданы, Тоғызақ мектебі) және т.б.

Пікір алмасу  шығармашылық ізденіспен,  сындарлы және қызғылықты мазмұнда өтті.

Қатысушылар Қостанай облысындағы ЮНЕСКО мектеп клубтарының отырыстарын жүйелі өткізуді  ұсынды.