Бүгін Қостанай қаласындағы № 17 жалпы білім беру мектебінде 160-тан астам ұстаз «Қарым-қатынас. Түсіну. Шабыт.» тақырыбындағы облыстық педагогикалық форумда бас қосты. Форумды облыстық әдістемелік ұйымдастырды.

Форум тартымды көрме алаңдарынан басталды.

Event іс-шарасында ұстаздарды  Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынов образындағы І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері монологпен қарсы алды.

Форум қатысушыларына Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Ж.Сюндикованың құттықтау сөзі асқан  шабыт берді.  Данагүл Жаппасбайқызы оқу жылының табысты аяқталғанын атап өтті.  Су тасқыны кезінде ұстаздар да өзара қолдау көрсетті.

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА  грамоталарын АҚББ  әдістемелік меңгерушілері А. С. Бектұрғанова., О. П. Нуштаева., Б. У. Қалмұқамбетоваға  басшының орынбасары табыс етті. 

Қазақстандық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік кәсіподақ ұйымынан  «Алғыс хат» облыстық білім басқармасының әдістемелік орталығы  директорының орынбасары  Т. И. Набатниковаға табысталды. Сондай-ақ, 15 ұстаз облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

  Форумда Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА  вице-президенті Р. А. Қаратабанов  «Мектеп құндылығы: Менің есімім қандай ұғымды білдіреді ?» тақырыбындағы бейнебаянымен баяндама жасады.

Спикерлер Л.К. Калакова «Коммандалық  оқуда өзін-өзі қалай ұйымдастыруда дамытуга болады?» (ФММ НЗМ  Қостанай), Т. И. Набатникова  «Заманауи  мұғалім: өзіңе және басқаларға қалай тәлімгер болу керек» (Әдістемелік орталық), Н.Н. Шопанова  және О.Н. Батченко «Бақытты ұстаздық . Оқытудағы коучинг тәсілі» (Рудный қ. № 3 ЖББМ), Қ. И. Бірманова «Мектеп басы + «Темірқазық» командасы (Рудный қаласы, Б. Майлин атындағы No7 мектеп-гимназия) баяндама жасады.

Келесі кезекте мұғалімдер ағымдағы бағыттар бойынша тректерге қатысты.