БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУҒА
2024 жылғы 31 қаңтарда Қостанай автомобиль көлігі колледжінде колледждің 65 жылдық мерейтойына арналған «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңа мүмкіндіктер мен заманауи трендтер» тақырыбы бойынша халықаралық педагогикалық оқулар өтті.
Педагогикалық оқуларға қатысушылар: Ресей Федерациясынан келген педагогтер – 7, колледжден 17 жұмыс, Қазақстан Республикасынан келген педагогтар – 53, колледжден 127 жұмыс, оның ішінде Қостанай облысынан – 25 колледжден 206 жұмыс.
Педагогикалық оқулардың сарапшылары: университеттер, академиялар, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік орталығы, «Allur» зауыттары кәсіпорындарының, «KamlitKZ» ЖШС өкілдері.
Секциялардың жұмысы әртүрлі нысандарда жүргізілді: блицдоклад, PechaKucha, мастер-класс, Ted стиліндегі презентация.
Халықаралық педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша үздік қойылымдар дипломдармен марапатталды, қатысушылар сертификаттар, сарапшылар және директорлар алғыс хаттар алды.
Білім беру мекемелері, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық тәжірибе алмасуды көздейді. Іс-шара білім мен тәжірибе алмасу алаңына ғана емес, сонымен қатар білім, ғылым және өндірісті интеграциялаудағы жаңа серіктестіктер мен перспективалық бастамалардың қайнар көзіне айналды.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/196-kkat-31-01-24-mnpk.html#sigFreeId8a869d7aef





