Ағымдағы жылдың 28-ші ақпан күні Қостанай облысы ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Республикалық ғылыми - педагогикалық кітапхана қолдауымен өткен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челленджіне қатысты. Челленджге  барлық аймақтар ZOOM платформасы арқылы  қосылды.

Челлендждің мақсаты: еліміздің оқушыларын кітап оқуға шақыру арқылы оқу белсенділіктерін арттыру.

Қостанай облысының атынан Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталық» КММ басшылары мен әдіскерлері, «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы» КММ ұстаздары мен оқушылары,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ақын, жазушы Абылай Мауданов қатысты.

Челлендждің талабына сай Қостанай облысы Қарағанды облысынан

Қасым Аманжоловтың «Дариға, сол қыз», «Туған жер» атты өлеңдер жинағын қабылдап алып, Қызылорда облысына Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» атты романын оқуға табыстады.

Осылайша еліміздің әр өңірінен келген мектеп оқушылары Қазақстан жазушылары мен ақындарының шығармаларымен танысып, ақпарат дәуірінде маңызы зор шығармаларды оқуға араласады.