2024 жылдың 19 сәуір күні «Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі » КММ базасында «Оқушыларға қазақ тілін меңгертудегі озық технологиялар» тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті.
Мектеп директор М. А. Балицкая семинар қонақтарын мектеп тарихымен және демеушілер есебінен жаңартылған мектептің материалдық-технкалық базасымен таныстырды.
Семинар тақырыбына сай С. Ж. Кенкенова «Адамның кейбір кездері», С. К. Жаркина «Әнші құм», А. С. Нуржанова «Жетіқарақшы», Б. М. Актанова «Айтыс - қазақтың төл өнері» атты өткізген сабақтарда функционалдық сауаттылыққа көп мән берілді.
Шеберлік сабақтарында оқушыларға қазақ тілін меңгертудегі озық технологияларымен А. Д. Матжанова, Б. Е. Амиргалиева, М. А. Мырзашева, Е. А. Иманкулов бөлісті.
Қостанай облысының аудандары мен қалаларынан келген 50 мұғалім тәжірибе алмасып, өзіндік кәсіби білімдерін толықтырды
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/185-o-ushylar-a-aza-tilin-me-gertudegi-ozy-tekhnologiyalar.html#sigFreeId72c3e8b164





