Бүгін, 2024 жылғы 19 ақпанда «1С Кәсіпорын: 8» платформасында есепке алу-талдау міндеттерін бағдарламалау бойынша Халықаралық олимпиаданың өңірлік туры өткізілді. Осы олимпиаданың ұйымдастырушысы 1С Қазақстан орталығы болады. Олимпиаданың өңірлік турын дайындауды және өткізуді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының КМҚК «Қостанай индустриялды-педагогикалық колледжі» Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы КММ «Әдістемелік орталық» қолдауымен жүзеге асырылды.
Олимпиада бағдарламалауды студенттердің интеллектуалды даму құралы ретінде насихаттау, бағдарламалау саласындағы шығармашылық дарынды студенттерді анықтау мақсатында өткізілді.
Жарысқа облыс колледждерінің, сондай-ақ КеАҚ «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті» және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттері қатысты.
М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің 2 курс студенті Сергей Никитенко күресте жеңіске жетті. Екінші және үшінші орындарға иеленді Салимов Руслан (М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті) және Силадий София (Қостанай политехникалық жоғары колледжі).
Жеңімпаз өңірдің атынан 2024 жылғы 1 наурызда Алматы қаласында өтетін студенттік жарыстардың жартылай финалында қатысатын болады.
Колледждің әлеуметтік серіктестері компаниялар тобы «Эксперт» жеңімпаздарға одан әрі жұмысқа орналасумен тағылымдамадан өтуге сертификаттар табыс етті.
Жарыстың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды. «1С Қазақстан орталығы» қатысушылардың барлық басшыларына 1 С бағдарламалаумен тегін оқу курсына сертификат берді.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/177-1s-k-siporyn-8-olimpiadasy-bastaldy.html#sigFreeId32ddee3155





