2024 жылдың 15 наурыз күні «Рудный қ. білім бөлімінің Б. Майлин атындағы мектеп - гимназиясы» КММ базасында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары» тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті.

Директордың орынбасары Г. Т. Жұмабаева семинар қонақтарын мектеп тарихымен таныстырды. Шығармашылық зияткерлік алаңында семинар қатысушылары қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты сұрақтар бойынша сайысқа түсті.

Семинар тақырыбына сай Н.Ә.Жүзтаева «Наурыз айы келгенде», А. Е. Жұмабаева «Қажымұқанды білеміз бе?», Г.К.Байкенова «Ұлттық тәрбие. «Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері» атты сабақтарда өз тәжірибелерін көрсетті. Шығармашылық қабілеттерін дамытудың жоғары деңгейі мен оқушылардың белсенділігі сабақты заманауи, шығармашылық және табысты етті!

11-сыныппен өткен «Абай жолы» сабағында Н. Қ. Ибраева оқушыларға ұлы ойшыл Абайдың дәуірін толық түсінуге көмектесті.

Шеберлік сабағында қазақ тілін оқытудың заманауи әдістері мен тиімді ресурстарымен Ғ.Т.Жұмабекова, Ә.Б.Әбутәліпова, Е. А. Иманкулов бөлісті.

Қостанай облысының аудандары мен қалаларынан келген 50 мұғалім тәжірибе алмасып, өзіндік кәсіби білімдерін толықтырды