2023 - 2024 оқу жылында Қостанай облысы бойынша 67 мектеп «Алматыкітап Баспасының» TopIQ платформасын пайдаланып жатыр. Сол мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері мен мектеп әкімшілері үшін «Қостанай қаласы білім бөлімінің №5 «А» мектеп - гимназиясы» КММ «TopIQ платформасында электрондық оқулықтарды пайдалану» семинар - практикум өткізді. Семинар - практикум мектептердің бастауыш сыныптарында электрондық оқулықтарды пайдалану бойынша педагогтердің озық тәжірибесін жинақтау және жұмыс тәжірибесін ұсыну мақсатын көздеді. Бүгінгі шара барысында семинар қатысушыларына бастауыш сынып және қазақ тілі мұғалімдері Хасенова К.К. (2 «Б» сыныбы), Хасенова М.М.(1 «Б» сыныбы), Альжанова А.М. (3 «З» сыныбы), Бисембаева А.Е. (3 «Д» сыныбы) ашық сабақтарында TopIQ платформасындағы электрондық оқулықтарды пайдалану бойынша озық тәжірибелерін ортаға салды. Педагогтер өздерінің және білім алушыларының платформаны қай деңгейде меңгергендерін іс жүзінде байқауға мүмкіндік болды. Практикалық жұмыстар барысында келген қонақтар да платформаның артықшылықтарын көрді. Семинардың екінші мектеп әкімшісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жумобаева А.О., бастауыш сынып мұғалімдері Фудашкина Л.А., Салыкова Г.Б., Тажмакина А.Т., Фаустова Е.Г. TopIQ платформасының артықшылықтары мен ерекшеліктерін шеберлік сыныптар арқылы көрсетті. Мектеп психологы Ивушкина А.А. «Локус» әдісі бойынша қонақтардың ассоциативті есте сақтай қабілеттерін дамытуға болатынын тәжірибе жүзінде байқатты. Рефлексия кезінде семинар қатысушылары өздерінің сұрақтарына жауап алғандарын, семинардың жоғары дейгейде өткенін атап өтті. Семинар - практикум алдына қойған мақсатына жетті. Мектеп директоры Сапанова Г.А. мен мектеп ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/169-topiq-platformasy-ostanaj-oblysyny-bilim-ke-istiginde.html#sigFreeIdee05d14645





