«Зерделі» ақыл - ой дамыту» мектебі ұйымдастыруымен өткізілетін «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңіне «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ білім беру ұйымдарынан 886 бастауыш сынып мұғалім қатысып, 74 - і облыстық кезеңге жолдама алды. Олимпиаданың облыстық кезеңі 2024 жылдың 05 қаңтарында «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп - лицейі» КММ өтті. Қатысқан 74 бастауыш сынып мұғалімдерінің 54 % - ы 1, 2, 3 орындар алды және грамоталармен марапатталды. Бірінші орын алып, олимпиаданың республикалық кезеңіне өткен педагогтер: 91 балл – Кәрімова Көркем Нұрмашқызы, «Арқалық қаласы білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ; 71 балл – Солодкая Ирина Ивановна, «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп - лицейі» КММ; 80 балл – Супрун Елена Николаевна, «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Маяк негізгі орта мектебі» КММ 76 балл – Белицкая Ирина Ивановна, «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Горький гимназиясы» КММ; 73 балл – Яковенко Надежда Владимировна, «Қарасу ауданы білім бөлімінің Қарасу жалпы білім беретін мектебі» КММ; 70 балл – Кривонос Екатерина Ивановна, «Федоров ауданы білім бөлімінің М.Мәметова атындағы жалпы блім беретін мектебі» КММ; 69 балл – Чечина Диана Дмитриевна, «Қостанай қаласы білім бөлімінің №13 негізгі орта мектебі» КММ; 68 балл - Жаркимбаева Женискул Куанышбаевна, «Қостанай ауданы білім бөлімінің мемлекеттік тілді білім беретін Заречный жалпы білім беретін мектебі» КММ. «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде жеңіспен оралады деген сенімдеміз! Құттықтаймыз!!!!
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/167-altyn-t-yr-respublikaly-olimpiadasyny-oblysty-keze-i-2.html#sigFreeId44067c21d2





