2024 жылдың 29 ақпанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ «Қостанай қаласы білім бөлімінің №22 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдері мен білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін «4 сынып оқушыларын сабақтағы және сабақтан тыс қызметтегі білім жетістіктерінің мониторингіне (ББЖМ) дайындау жүйесі» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру арқылы 4 сынып білім алушыларының БЖБМ дайындық деңгейлерін тәжірибе барысында көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Математика (Пестрецова О.Г.), жаратылыстану (Халмуратова С.С.), әдебиеттік оқу (Молодева М.А., Байбусунова С.Ж. ) пәндері бойынша өткізілген ашық сабақтар барысында 4 сынып оқушыларының дайындық деңгейлерін көрсетті. Күнделікті сабақ барысында функционалдық сауаттылықтарын дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүретіні байқалды. Мазуренко И.В. «ББЖМ қағидаттары негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы тиімді тәсілдері», Карина Г.А. «4 - сынып оқушыларын сабақтағы және сабақтан тыс қызметтегі білім жетістіктерінің мониторингіне дайындау жүйесі» тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді. Семинар қатысушылары ашық сабақтар мен шеберлік сыныптардан өздерінің білім беру процестеріне қажетті мәліметтерді алғандарын атап кетті. Мектеп ұжымына шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/165-bilim-zhetistikterini-monitoringine-dajyndy.html#sigFreeId611eb2804f





