2024 жылдың 13 наурызында «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімдері мен әдіскерлері үшін «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – мәселелер мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар қатысушылары осы мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Абдуллина З.М., Байменова М.М., Иманкулова ША., Бакубаева Р.А. математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен берілген ашық сабақтарды бақылады. Бухарбай К.С. және Бажикеева А.А. «Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» коучингіне, «Функционалды сауаттылық - заман талабы» тақырыбында шеберлік сабағына қатысты. ҚОӘББ «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Бекмаганбетова Г.К. «БЖБМ тапсырмаларын құрастыру жолдары» тақырыбындағы шеберлік сыныбында «Onlinetestpad» платформасы арқылы ББЖМ тапсырмаларын құрастырды. Семинар соңында мектеп мұғалімдері Ибраева Э.А., Баракатова А.Г. рефлексия жүргізді. Семинар соңында қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар берілді.