2024 жылдың 14 ақпанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ «Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» облыстық cеминары «Қостанай қаласы білім бөлімінің Мариям Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында ұйымдастырылды. Семинарға бастауыш сынып мұғалімдері мен білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Облыстың барлық өңірлерінен келген бастауыш сынып мұғалімдеріне №20 ЖББМ білім алушыларының білім жетістіктерінің деңгейлерін «Әдебиеттік оқу» (Айгужина Г.К.), «Жаратылыстану» (Тажкенова Ж.С., Шаяхметова Ж.К.), «Ана тілі» (Кудебаева Н.М.), «Математика» (Букаева Ш.К.) пәндерінен көрсетті. Мектептің Әл - Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөзін басшылыққа алып, сабаққа ғана емес, сонымен қатар, тәрбиеге де көп көңіл бөлетіні байқалады. Семинардың екінші бөлімінде құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және сабақтан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларының бойына құндылықтарды қалыптастыру тәжірибесімен бөлісу мақсатында құндылықтар бағытында да жұмыс жасап жатқаны жайында мәлімет берілді және «Ғылыми жобалар», «Ұлттық қолөнер - асыл қазынам», «Ұлттық ойындар» әлемдеріне саяхат жасалды. Семинар соңындағы кері байланыста қатысушылар алған әсерлері мен ойларын ортаға салды. Мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/161-ndyly-tar-negizinde-funktsionaldy-sauattyly.html#sigFreeIddd83c0f596





