2024 жылдың 20 ақпанында ҚОӘББ «Әдістемелік орталығы» КММ «Рудный қаласы білім бөлімінің №21 гимназиясы» КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдері мен мектеп директорларының орынбасарлары үшін «Lesson study білім беру сапасын арттыру құралы ретінде» тақырыбында семинар - практикумын өткізді. Семинар - практикум гимназияның жұмыс тәжірибесін көрсету және Lesson study зерттеуін білім сапасын арттыру құралы ретінде пайдалануға педагогтердің ынтасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Workshop барысында сабақты зерттеудің LS - дің педагогикалық бағыты және дәстүрлі сабақ арасына салыстырмалы талдау жасады. Шеберлік сыныпта LS 1 - ші циклінің ерекшеліктері мен маңызды кезеңдерін анықталды, бейнежазба көрсетілген сабақтағы тапсырмалар мен әдістердің тиімділігі ортаға салынды. Семинар қатысушылары гимназия педагогтерінің LS - дің екінші циклі бойынша жоспарланған LS - 2 сабағын бақылады, талқылау барысында сабақтағы тапсырмалар мен белсенді әдістердің тиімді қолданылғаны айтылды. Оқушылармен сұхбаттасуды тікелей бейнекөрсетілім арқылы көрді. LS үшінші циклі бойынша LS - 3 сабағын Рудный қаласы мектептерінің бастауыш сыныптары бақылайды және талқылайды. Семинарға келген педагогтер Lesson study тәсілін мектепте жоспарлау, қолдану, өткізу бойынша сұрақтарына жауап алды. Мектеп директоры Архангельская С.Е. мен педагогикалық ұжым алға қойған мақсаттарына жетті.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/159-lesson-study-bilim-beru-sapasyn-arttyru-raly.html#sigFreeId9038cd9b27





