Алтынсарин ауданы "Больше - Чураков жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында "Шығармашылықта шекара жоқ" тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімдері үшін облыстық семинар өтті. Іс - шараның мазмұны атауына сай болды: кіреберісте семинар қатысушыларын домбырашылар ансамблі, ұлттық аспаптар орындаған музыкасының әуенімен ұлттық киімдегі педагогтері дәмді бауырсақтарымен қарсы алды. Интерактивті көрме әр түрлі қолдан жасалған заттары мен бұйымдарымен, оқушылар салған суреттерімен ерекшеленді. Семинар жұмысы бай және мазмұнды болды. Педагогтер жұмыс тәжірибесімен және қызықты ойларымен бөлісті. Семинар қатысушылары диалогтік алаңда "Канзаши - мәңгі гүлдену техникасы" жоба жұмысымен, "Интерьердегі этникалық миксі" шеберлік сыныбында құрғақ басу, тұзбен сурет салу, интерьерлік суреттер, декупаж құрастыру техникаларымен жұмыс жасады. Шығармашылық шеберханалардағы жұмыс кілем тоқу, ұлттық әшекейлерді құрастыру, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс тәсілдерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Біздің педагогтердің шығармашылықтарында шекара болмасын!
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/157-z-isini-sheberleri.html#sigFreeIda2d1603e2d





