«Қарасу ауданы білім бөлімінің Қарасу жалпы білім беретін мектебі» КММ «Алматыкітап Баспасының» TopIQ.kz электрондық оқулықтар платформасында екінші жыл жұмыс жасайды. Осы екіжылдық жұмысты көрсету мақсатында 2024 жылдың 31 қаңтарында «Ізденімпаз педагогтің оқушылары да ізденімпаз» әдістемелік bootcamp өткізді. Әдістемелік bootcamp барысында блиц - сабақтарды Палагина О.А. (цифрлық сауаттылық, 1 сынып), Равлюк И.А. (математика, 3 сынып), Белова Н.П. (информатика, 10 сынып), Сатаева Э.К. (орыс әдебиеті, 6 сынып) TopIQ.kz платформасының артықшылықтары мен ерекшеліктерін пайдалана отырып өткізді. Мектептің кітапханашысы Гетман А.Г. жас оқырмандар - 1 сынып оқушыларын «Алматыкітап Баспасының» балаларға арналған көркем әдебиет көрмесімен таныстырды. Ағылшын тілі мұғалімі Каратаева М.М. «Ағылшын тілін оқытудағы СБР - ы» тақырыбындағы тәжірибелік сабағын өткізді. «TopIQ.kz –сандық портфелі» практикалық навигаторы мен жарты күндік рефлексияны Палагина О.А. жасады. Семинар қатысушылары білім беру платформасының жақсы жақтарын атап кетті. Әдістемелік bootcamp екінші практикалық бөлігінде мектеп директоры Қаби Г.А. музейлік педагогика аясында «Өмір бастауы» жобасының тұсаукесерін жасады. «Сабақты зерттеу – негізгі және серіктес мектептерінің тандемі» аясында мектептің сертификатталған педагогтері сабақты зерттеу қағидаларын еске түсірді. «Қарасу ауданы білім бөлімінің Жалғызқан негізгі орта мектебі» КММ мұғалімдері Рощупкина Т.В., Куруц Н.М. (Каллиграфиялық жазу дағдыларын дамыту), «Қарасу ауданы білім бөлімінің Қарамырза жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Тажахметова А.Н. (4К моделі: теориядан тәжірибеге), «Қарасу ауданы білім бөлімінің Қарасу жалпы білім беретін мектебі» КММ логопеді Турсунова Ю.С. (Логопедиялық сабақтың тиімді тәсілдері), психологы Ахметжанова Г.Б. (Хабарламалар тізбегі) арқылы рефлексия өткізді. Семинар қорытындысын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Бекмаганбетова Г.К. және «Қарасу ауданы білім бөлімі» ММ әдістемелік абинетінің меңгерушісі Тлемисова Р.А., «Қарасу ауданы білім бөлімінің Қарасу жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры Қаби Г.А. жасады.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/155-izdenimpaz-pedagogti-o-ushylary-da-izdenimpaz.html#sigFreeId77e6dd0974





