«Зерделі» ақыл-ой дамыту» мектебі ұйымдастыруымен өткізілетін «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық/қалалық кезеңіне «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ білім беру ұйымдарынан 886 бастауыш сынып мұғалім қатысып, 74-і облыстық кезеңге жолдама алды.

Олимпиаданың облыстық кезеңі 2024 жылдың 05 қаңтарында «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» КММ өтті. Қатысқан 74 бастауыш сынып мұғалімдерінің 54 %-ы 1, 2, 3 орындар алды және грамоталармен марапатталды.

Бірінші орын алып, олимпиаданың республикалық кезеңіне өткен педагогтер:
91 балл – Кәрімова Көркем Нұрмашқызы, «Арқалық қаласы білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
71 балл – Солодкая Ирина Ивановна, «Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейі» КММ;
80 балл – Супрун Елена Николаевна, «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Маяк негізгі орта мектебі» КММ; 
76 балл – Белицкая Ирина Ивановна, «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Горький гимназиясы» КММ;
73 балл – Яковенко Надежда Владимировна, «Қарасу ауданы білім бөлімінің Қарасу жалпы білім беретін мектебі» КММ;
70 балл – Кривонос Екатерина Ивановна, «Федоров ауданы білім бөлімінің М.Мәметова атындағы жалпы блім беретін мектебі» КММ;
69 балл – Чечина Диана Дмитриевна, «Қостанай қаласы білім бөлімінің №13 негізгі орта мектебі» КММ;
68 балл - Жаркимбаева Женискул Куанышбаевна, «Қостанай ауданы білім бөлімінің мемлекеттік тілді білім беретін Заречный жалпы білім беретін мектебі» КММ.
«Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде жеңіспен оралады деген сенімдеміз! Құттықтаймыз!!!!