2026 жылғы 30 қазанда облыстық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Педагогтерді аттестаттау: қағидалардағы негізгі өзгерістер мен пилоттық жобаның талаптары» тақырыбында вебинар өтті.
Білім беру жүйесі қарқынды дамып, педагогтердің кәсіби қызметін бағалау тәсілдері мен біліктілік талаптары өзгеруде. Вебинар барысында Білім басқармасының маманы Ж.Х. Ташетова нормативтік талаптардағы негізгі жаңашылдықтарды түсіндіріп, пилоттық жобаның ерекшеліктері мен талаптарына жан-жақты тоқталды.
Сонымен қатар педагогтердің портфолиосын дұрыс дайындау, ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелер, жиі кездесетін қателіктердің алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар беріп, мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.
Вебинарға облыстың 65 орыс тілі пәнінің мұғалімі қатысты.






