2026 жылғы 14 қазанда «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі өтті.
Конкурсқа Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында еңбек ететін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 7 оқытушысы қатысты. Қатысушылар оқыту сапасын арттыруға, студенттердің тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға, кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған авторлық әдістемелік әзірлемелерін ұсынды.
Қатысушылар қазақ тілін оқытудың заманауи тәсілдерін: цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллектіні қолдану, саралап оқыту, жобалық қызмет және практикалық бағыттағы тапсырмаларды пайдалану жолдарын көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын — Калимова Куляш Бакиджановна, «Қостанай цифрлық индустрия колледжі» КМҚК — 602 балл.
II орын — Бектасова Алтынай Аргынгельдиновна, «ҚИнЭУ Кәсіпкерлік жоғары колледжі» ЖМ — 595 балл.
III орын — Мурзагалиева Кенжегуль Зайнуллиновна, «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК — 560 балл.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға кәсібилігі, шығармашылық ізденісі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруге қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!
Өңірлік кезеңнің жеңімпазы Калимова К.Б.-ның авторлық әдістемесі конкурстың II (республикалық) кезеңіне қатысуға ұсынылды.
Педагогтерге жаңа жетістіктер, авторлық идеяларын табысты жүзеге асыру және кәсіби табыстар тілейміз!