Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қостанай қаласы мен Қостанай ауданындағы Спандияр Көбеев атындағы екі мектептің бірлесуімен «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында «Көбеев көзқарасы – ұрпақ үнінде» шығармашылық фестивалі өтті.
Фестивальдің басты мақсаты – көрнекті ағартушы, педагог, жазушы Спандияр Көбеевтің рухани-ағартушылық мұрасын насихаттау, оның өнегелі жолын жас ұрпаққа таныту және педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Іс-шара барысында педагогтер ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын дәріптеп, заманауи оқыту әдістері мен тиімді тәжірибелерімен бөлісті. Фестиваль екі мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, кәсіби және шығармашылық байланыстарды дамытуға ықпал етті.
Ұлы тұлғаның мұрасы – ұрпаққа аманат, болашаққа бағдар!
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/1093-k-beev-k-z-arasy-rpa-ninde.html#sigFreeId679c2c70c6





