2026 жылдың 25 қыркүйек күні Қостанай облысы әкімдігі білім
басқармасының әдістемелік орталығы мен Амангелді ауданының білім
бөлімі онлайн форматта «Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық
идеялары: тарихи тағылым және қазіргі білім беру жүйесіндегі
сабақтастық» тақырыбы бойынша облыстық ғылыми – тәжірибелік
конференция ұйымдастырды.
Конференция жұмысына облысымыздағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, білім бөлімінің әдіскерлері, Амангелді ауданы білім бөлімінің мектеп басшылары мен «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері қатысты.
Онлайн форматында өткен пленарлық отырыста аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары - Гүлшат Кәкімжанқызы, ардагер ұстаз, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері - Төлеутай Есенжолқызы, А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры - Қуандық Бақытұлы ұлы ағартушының идеялары, еңбек жолы туралы баяндама жасап, соңынан виртуалды көрме көрсетілді.
Секциялық блок отырыстарында 39 педагогтің баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Жалпы, облыс педагогтері ұсынған баяндамалар құнды, өзектілігі маңызды, шығармашылық ізденіспен атқарылған еңбектер.
Атап айтар болсақ, Рудный қ. білім бөлімінің «М. Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Эльмира Сейілбекованың Ы. Алтынсариннің шығармашылығына орай әзірлеген «Ы. Алтынсариннің цифрлі кітапшасы», «Б. Майлин ауданы білім бөлімінің С. Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Шайзада Серікбайдың ұлы ағартушының сан қырлы болмысын суреттеген баяндамасы да бар.
https://metodedu-kost.kz/kz/zhanaly-tar/1060-ly-a-artushy-ideyalary-m-gilik.html#sigFreeIdf168fb5dc3





